Стань известным вместе с нами
Войдите на сайт, используя свои логин и пароль:
И начали его обработку, ответим в течение дня
реклама на agugai
Стань известным
вместе с нами
похожее
Новинки
популярное
Қызыл көйлек
Темірхан Саттар
Қайда?
Еламан Маженов
Қызыл раушан
Ұланғасыр Қами
Жасырасың
Арда Абдумалик
Көбелек
Биік Үй тұр суық желдің өтінде...
Төрт Ұлы мен үш Қызы бар ержеткен,
Қалаға көшті кенже Ұлы бертінде.
Кемпір мен Шал Құдайға тәуба қылады,
Жеті Бала – Жеті жанған Шырағы...
Қарт кісілер жүре алмайды,
Қант-шайын
Көрші Әйел әкеп беріп тұрады.
Кәрілік те жиі өртейді өзегін,
Теріп жағады даланың мол тезегін...
Балалардың ет-майына арналған
Малдардың да
Көрші Бала бағып береді кезегін.
Малмен бірге Қыстан шықса қыбырлап,
Кемпір мен Шал тілеу тілер сыбырлап...
Алты ай Жазда
Демалысқа төрт-бес күн
Елу адам келіп қайтады жыпырлап.
Шуағымен Жаз да өтеді дүрілдеп,
Демалыстан Бәрі қайтар гүрілдеп.
Алты ай Жаздың
Төрт-бес күнін демалып,
Кемпір мен Шал Қысқа кіреді дірілдеп.
Кейде Тағдыр қиындығын сыйлайды,
Кемпір мен Шал әлі де мал жинайды...
Тектілерден Тексіз Бала туған соң,
Кемпір-шалмен Мал қалғаны қинайды !
Сияқтымыз тұрағы жоқ Ебелек.
Тойып алса Гүлге қонар Көбелек...
Суық күнде тоңған Ата-анаңды
Жылы күнде жылытқаның не керек ?!..
Ата-анаңды тастамашы,
Ей, Көбелек!
Ата-анаңды ұмытпашы,
Ей, Көбелек!
Поделиться