Стань известным вместе с нами
Войдите на сайт, используя свои логин и пароль:
И начали его обработку, ответим в течение дня
реклама на agugai
Стань известным
вместе с нами
похожее
Новинки
популярное
Қызыл көйлек
Темірхан Саттар
Қайда?
Еламан Маженов
Қызыл раушан
Ұланғасыр Қами
Жасырасың
Арда Абдумалик
Бақыт деген
Біз жасаймыз бес күн мына жалғанда.
Адам қандай екендігі білінер ,
Жаратқаның басқа сынақ салғанда.
Елемейсің қадірін де уақыттың,
Жетегінде жүрміз алтын жақұттың
Өмір деген қысқа ғана жалғанда
Мағынасын түсінбейміз бақыттың
Бақыт деген жүректегі иманың
Бақыт деген күлімдеген дидарың
Жаның тыныш қуанышты сәттерге
Тең келмейді ақша, дүние жиғаның
Бақыт деген мансап дейміз, мал дейміз
Олар болса бізде байлық бар дейміз
Байлық деген мүлде басқа дүние
Пендеміз ғой ақша үшін қам жейміз
Бай - кедей деп бөлінеміз, бөлеміз,
Бұл қылықты жақсы нәрсе демеңіз.
Аузы қисық бай баласын сөйлетіп,
Бақыт мәнін біз түсінбей келеміз.
Бақыт деген бала-шағаң отбасың
Жамандықтың суық желі соқпасын
Жақындарың аман болса жаныңда
Еңбекпенен таба аласың басқасын
Поделиться