Стань известным вместе с нами
Войдите на сайт, используя свои логин и пароль:
И начали его обработку, ответим в течение дня
реклама на agugai
Стань известным
вместе с нами
похожее
Новинки
популярное
Қызыл көйлек
Темірхан Саттар
Қайда?
Еламан Маженов
Қызыл раушан
Ұланғасыр Қами
Жасырасың
Арда Абдумалик
Тамаларға арнау
Дүрс-дүрс соққан кеудемде сезіледі.
Тама елім аман ба?
Жаттап өскен,
Жеті атасы жазылған шежірені.
Қызың келді толғаумен үн қатқалы,
Тарих бізге арнайы сыр сақтады.
Өсіп-өніп көгерген бір дарақтан,
Қара бура бабамның ұрпақтары.
Естігенде жақсы атын есепке алам,
Мақтанады жұртымен десек те адам.
Туған жердің тасын да қорғау үшін,
Былай деген екен ау Есет бабам.
«Көгертеді ниет пен елді тілек,
Батырлықпен қанша жау жеңді жүрек.
Құбылаға қаратып басымды емес,
Аяғыммен қойыңдар жерді тіреп»
«Атсын дермін қазаққа шұғыла таң,
О дүниеден жасайын шұғыл қадам.
Қалың қолды қайтарам аяғыммен,
Жоңғар шапса еліме құбыладан»
Ата қоныс қорғауға бекінуің,
Түсірмеген төменге тегі туын.
Есеттейін жау жүрек ұл туғызған,
Кіші жүзім бірлескен Жетіруым.
Қыз емеспін тамадан елге бөтен,
Тарихынан сыр шертіп термелеткен.
Бүкіл қазақ Ақгүлдің әнін тыңдап,
Айналайын деп сыйлап еркелеткен.
Абыройың құламай жар басынан,
Бейбіт күнде көгіңде самғасын ән.
Ақ ниеті тамамның бейнеленген,
Көрініп тұр қос әліп таңбасынан.
Ата-әжелер, туыстар, ағаларым,
Өздеріңді асылдай бағаладым.
Жаны жомарт, кең пейіл, батырларым
Берік болсын бірлігің қазақтарым
Поделиться