«Жігіттер» тобындағы Мырзахан ота жасатады
101 рет қаралды пікір қалдырылмады 04.04.2017 сағат 19:43

«Жігіттер» тобына кейінен қосылса да, бүгінде өз орынын таба білген өнер иесі Мырзахан Маханов Санкт-Петербург қаласына ота жасатуға аттаныпты. Бұл тұрасында Ерғали Абдаримов өз инста парақшасында хабарлайды. Ол Мырзаханның Петербург қаласының Владимирский көшесіндегі суретін жариялады. Денсаулығы сыр берген әншінің пышақ астына жатуын продюсер көз тию, халықтың оның сақал-мұртын көп әңгіме етуімен байланыстырады. Халық әншінің «Аман есен орталарына оралуын» тіледі.

Пікірлер

Войти с помощью: