Жазира Байырбекова аяғын сындырып алды
503 рет қаралды
пікір қалдырылмады
04.05.2017 сағат 00:02
Қазақ эстрадасындағы тартымды жұптардың бірі-Жазира мен Жанболат. Халықты махаббаттары мен әндеріне ғашық еткен керемет жұп. Жазираның сыңғыр үніне, Жанболаттың қоңыр даусы құйып қойғандай жарасымды. Қазақ еліне осы дуэт есімі танымал болғалы бері, олардың тынығып шығармашылық ізденіссіз қалған күнін көрген емеспіз. Десек те, күні кеше Жанболаттың Жазирасы аяғын сындып алғанын өкінішпен хабарлайды. Өздерінің ресми парақшаларына мәлімдеме жариялаған, Жазира баспалдақтан құлап қалғанын айтады. Әнші аяғының сынғанын Аллаһтың өзіне берген ең асыл мүмкіндігі деп біледі. Ол халықтан уайымдамауын сұрап, бәрібір де жақын күндері жұмысқа оралатынын айтты. Халық сүйікті әншілеріне тынығып алуы керектігін айтып, пікір жазды.
Пікірлер