Жанқош Тұраров Майамиге жол тартты
74 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.04.2017 сағат 17:59

«Ассаламағалейкүм, ардақты ағайын! Ертең АҚШ еліне Майами қаласына оқу жаттығу жиындарына аттанамын»,-деп басталған жазбада Жанқош алдағы жекпе-жекке дайындық мақсатымен атанғанын сөзге тиек етеді. Боксер алдағы уақытта АҚШ-та екі кездесу өткізетінін хабарлады. Осыдан бірнеше апта бұрын « ЕХРО-2017» кезінде жұдырақтасасуы мүмкін деген сыбысты да растады. Бұл мәлімдемеге халық жұмыла қолдау көрсетіп, «Бауырым», «Батырым», «Алаштың ардақты ұлы», «Үлкен Мэйвезер» деген теңеулі тілектер айтты. Тележүргізуші, пародист Олжас Сыдықбекте елден қалмай: «Жолың болсын! Сәттілік» деп пікір қалдырған екен. Сонымен қатар, тілші Берік Сұлтан «Іске сәт бауырым»,-деп жазған екен. Бізде алқалы жұрттың текті оғланына сәттілік тілеп, мұхит асқан қазақ ұлының тілеуін тіледік.

Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Ертең АҚШ еліне Майами қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттанамын. Мақсатымыз алдағы жекпе-жекке дайындық. Қазіргі таңда промоутерім келешек қарсыласымды анықтау үстінде. Келіссөздер жүріп жатыр. АҚШ — та рингте екі кездесу өткізу жоспарымызда бар. АЛЛА сəтін берсін! Қолдау білдіріп, əркез жігерлендіріп отыратын жанкүйерлерге мың алғыс. Осы мақсатымыз ойдағыдай орындаларына сенеміз. АЛЛА бұйыртса "EXPO-2017" көрмесі аясында да жұдырықтасуым мүмкін. Жақын уақытта жақсы жаңалықтар күтіңіздер. ІСКЕ СƏТ!!!

A post shared by Zhankosh Turarov (@zhankoshturarov) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: