Жанқош Тұраров қызды болды
135 рет қаралды пікір қалдырылмады 23.05.2017 сағат 13:02

Жанқош Тұраров қызды болды

Жартылай салмақтағы Қазақстан мемлекетінің кәсіпқой боксері, 27 жасар Жанқош Тұраров қыз баланың әкесі атанды. Бұл туралы боксер өз парақшасында жазды. Қызы Қазақ елінде шыр етіп дүние есігін ашқан кезде, әкесі АҚШ-та болған екен. Жанқош өз қуанышын жасыра алмай:

«Қызым болсаң-қырымда құралайсың,

Ұлым болсаң-ұлы бір мұрадайсың.

Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,

Менен неге сүйінші сұрамайсың»

,-деген өлең жолдарымен жеткізді. Боксердің қуанышын ел болып қабыл алып, дүбірлетіп бәйге беріп, қазан-қазан ет асылған той өткізуді Жанқоштың өзіне тапсырды.

«Жанқош, бесік тербетер қызыңмен халық санын көбейтің. Енді, жеңісіңмен қуаныш санын көбейтесің ғой»,-деген ақ тілектер толассыз жазылды.

 

Пікірлер

Войти с помощью: