Қытай тілшісінің жобадан соң Димаш туралы пікірі
617 рет қаралды пікір қалдырылмады 16.04.2017 сағат 18:07

Күні кеше Қытайдың Чанжа қаласында көптен күткен « Im singer» жобасының шешуші финалы болды. Бұл жобаға біздің елдің баласы Димаштың қатысқаны түрткіл дүниеге қазақтың Әміресін қайта алып келгендей болды. Барша қазақ арда ұлының тақымын қысып, тілеуін тілеп отырды. Димаш тек өз елінде емес Қиыр Шығыс асып, тіптен Франциялық тыңдармандарын мойындатты. Кеше болған айтулы додада жобаның нүктесін сол жерде 500 көрермен қойды. Көптеген сайыс пен толғанысы мол сәттерге куәгер еткен жобадан отандасымыз екінші орын иеленді. Жоба соңында ол Қытайлық Майкл Джексон атанған Шанг әншімен поп корльдің әнін орындаған еді. Бұл жолы Димаш Sandy Lam есімді гонконгтық әншіге өз кезегін берді. Қытай еліндегі «Шыңжаң» газетінің тілшісі Қалиакбар Усемхан жобадан соң Димаштың жеңісін атап өтті. « Димаш екінші болды. Үлкен жетістік бұл. Тұтас Қытайды телмірткен тележобада бұл оңай нәтиже емес. Димаш бұл жарыстан не ұтты?

Бірінші, танымалдығы артты. Талантты әншілер өте беделді саналатын Қытай базарына танылу, асырып айтсақ, жарты әлем мойындағанмен бірдей.

Екіншіден, осы сахна арқылы Димаш халықарадағы мықты әншілердің назарына ілінді. Енді оның халықаралық сахнаға шығуына мүмкіндігі мол.

Үшіншіден, Хунан тележобасы Димашты Қазақстандағы ең қалталы әншілердің қатарына шығарары сөзсіз. Оған жарнамадан алатын ақшасын қосыңыз. Димаш енді той жағаламай өнердің соңына түсе алады.

Төртіншіден, Қытай жастары Димаш арқылы қазақты, Қазақстанды таныды. Ішкі Қытайда шолпанға (мега жұлдыз) ғашық жастардың қазақ тілі мен әніне деген әуесін оятты. Бұл барлық қазақтың жеңісі.

Бесіншіден, Қытай-Қазақстан мәдинет ауыс-күйісінің нығаюына зор үлес қосты»,-деп жазды ол. Ал біз өзіміздің тарапымыздан алтыншы жеңісін қосатын болсақ.

Алтыншыдан, Димаш Қытай еліндегі қандас бауырларымызды өзінің әнімен туған жерге шақырды. Осыдан соң шетелдегі біздің отандастарымыз Қытайға Димаштың даусын аңсап ағылып келсе таңғалмасымыз хақ.

Осы жоба барысында екі бірдей беделді атақ алып, Лара Фабиан, Джеки Чан сынды танымал жұлдыздарды мойындатқан қазақтың баласының суреті Нью-Йорк төрінде де ілінді. Бұл Димаштың үлкен жеңісі.

Жеңісіміз құтты болсын, Қазақ елі! @kudaibergenov.dimash @asharimov 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Қытайдағы қазақ журналисі, "Шыңжаң" газетінің тілшісі Qaliakbar Usemqan пікірі: "Димаш екінші болды. Үлкен жетістік бұл. Тұтас Қытайды телмірткен тележобада бұл оңай нәтиже емес. Димаш бұл жарыстан не ұтты? Бірінші, танымалдығы артты. Талантты əншілер өте беделді саналатын Қытай базарына танылу, асырып айтсақ, жарты əлем мойындағанмен бірдей. Екіншіден, осы сахна арқылы Димаш халықарадағы мықты əншілердің назарына ілінді. Енді оның халықаралық сахнаға шығуына мүмкендік мол. Үшіншіден, Хунан тележобасы Димашты Қазақстандағы ең қалталы əншілердің қатарына шығарары сөзсіз. Оған жарнамадан алатын ақшасын қосыңыз. Димаш енді той жағаламай өнердің соңына түсе алады. Төртіншіден, Қытай жастары Димаш арқылы қазақты, Қазақстанды таныды. Ішкі Қытайда шолпанға (мега жұлдыз) ғашық жастардың қазақ тілі мен əніне деген əуесін оятты. Бұл барлық қазақтың жеңісі. Бесіншіден, Қытай-Қазақстан мәдениет ауыс-күйісінің нығаюына зор үлес қосты". #Димаш #dimash

A post shared by Ibragim Eskendir (@ibragim_eskendir) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: