Велашабандозшымыз Микеле Скарпони жол апатынан көз жұмды
88 рет қаралды пікір қалдырылмады 23.04.2017 сағат 21:13

Қазақстадағы белгілі ақпараттық порталдардың бірі Vesti.kz «Астана» құраманысының велошабандозы жол апатынан көз жұмды деп хабарлайды. Жаттығу жасап жүрген шабандозды ірі жүк көлігі қағып кеткен көрінеді. Жүк көлігінің жүргізушісінің айтуы бойынш, ол шабандозды байқамай қалған екен. Қапияда қазақ елі спортшысынан айырылса, спортшының артынан екі баласы мен әйелі қалды. 37 жасар велошабандоз Итальян елінің азаматы болып табылады. Микеле «Альпалық Тур» атты көпкүндік жоғарғы дәрежелі веложарыстың алғашқы этаптарында жеңіске жеткен кезінде «Мен бақыттымын, әрі кішкене таңғалып тұрмын. Мен үшін жеңіске жету өте ұнайды себебі, бұл мен үшін әрі «Астана» құрамасы үшін де үлкен жеңіс»,-деп сұхбат берген екен. Өзінің «Астана» құрамасында болғанын аса мақтанышпен айтатын шабандоздың қайғысы талай жанды мұңайтқаны рас. Осы Австрияда өткен «Альпалық Тур» веложарысының көшбасшысы болғаан Микеле алдағы жарыстарда елімізге үлкен жеңістер әкелуге үмітті еді.

Пікірлер

Войти с помощью: