Универсиада 2017
65 рет қаралды пікір қалдырылмады 02.02.2017 сағат 23:27

28 қаңтардан бастап ару қала Алматы төрінде XXVIIIқысқы универсиада ойындары басталғаны мәлім. Универсиада елімізде, оның ішінде Алматы қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Студенттік спорттың бұл түрі өз бастауын анау 1905 жылдан алған екен. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданған. Дайындығына барлығы 1,5 млрд қаржы жұмсалған Универсиада бүгінде Қазақстанға жеңіс әкелді ма?
Бізге жүлде сыйға тартқан жеңімпаздарымыздың легі биатлонан Галина Вишневскаядан басталды. Ал фристайл могулдан Юлия Галышева өзінің ресейлік қарсыласы Анастасия Первушинаны артқа тастап, 73.80 ұпаймын алтын жүлде алды.Дәл осы спорт түрінен 79.94 ұпаймен Дмитрий Рейхерд отандасымыз бізге тағы да алтын сыйлады. Шаңғы жарысынан Иван Люфтте қоржынымызды тағы бір алтынмен толықтырды. Универсиада жүлделері мұнымен аяқталған жоқ, сонымен қатар Алина Райкова биатлон спортынан тағы бір алтынмен қанжығасын майлады. Ал қола медальді бізге биатлонан 10 шақырымдық спринт кезінде нысанадан мүлт кетіп үшінші орынға жайғасқан Роман Еремин, Фристайлдан Павел Колмаков, ал шаңғы жарысынан Анна Стоян сыйлады. Анна бұл жолы жеңісті ресейлік қарсыласы Мария Давыденковаға берді. Осы қола медальшілер қатарында жерлесіміз Екатерина Айдовада бар. Спортшы қызымыз бізге конькимен жүгіруден жүлде сыйлаған еді. Қазақстан жеңімпаздарымен мақтанады. Жеңіс ұзағынан болғай!!!

ekaterina-ajdova-ekm-astana-2013

Пікірлер

Войти с помощью: