Төреғалидың жаңа имиджі
303 рет қаралды пікір қалдырылмады 16.01.2017 сағат 13:56

Төреғали Төреәлінің бүгінде қазақ елінің сахналарынан көрінбей кетуі оның қасиетті Мекке жерінде жүргені үшін екен. Ниет білдіріп қағбаны тауап ету үшін Төреш өзінің шаш үлгісі, жоқ кешіріңіздер шашымен қоштасты. Халық енді Төреғали біраз уақыт сахнаға шықпай қала ма деп алаңдаулы.

Әрбір қажылыққа барған мұслыманның парызы мен уәжіптері болады. Егер парызын өтеп, уәжіптерін өтемейтін болса қажылық орындалмаған болып есептелінеді. Қажылықтағы шаш алу немесе қысқарту- қажылықтың төртінші уәжібі екен. Шашты түгелдей алу қысқартқанан абзалырақ екенін ескерген Төреғали мырза Алла жолында өз имиджін аямай өзгерткенге ұқсайды. Ия, әншіміз ба, актерміз бе біз- Алла алдында бірдейміз. Бұл ісі әншінің иманының дәрежесін көрсетті. Ниетіңіз қабыл болсын, Төреғали!
QZXVzpIZ2SIJHs3scLM_-A

Пікірлер

Войти с помощью: