«Томирис патшайым» туралы фильм жарық көрмек
348 рет қаралды пікір қалдырылмады 12.04.2017 сағат 21:47

Жуырда Қазақфильм және «Сатайфильм» біріге түсіретін көлемді туынды жарық көрмек. Бұл фильмді Қазақстан Республикасының спорт және мәдинет министрлігінің ұсынысы бойынша түсіреді екен. Бұл туынды сақтар мен массагеттер дәуіріндегі, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырға сапар шекпек. Фильм ІІ Кирге аса қайсарлықпен тойтарыс берген Томирис ханшаның ерлігін дәріптейді. Бүгінде қазақ халқы аса мақтанышпен еске алатын, Томирис ханшаның сұрапыл жылдардағы өр рухы, ыстық қайраты бейнеленетін туынды халықтың назарын бірден жаулап алады. Бұл фильмді түсіру туралы идея Елбасымыздың қызы Алия Нұрсұлтанқызына тиесілі. «Анаға апарар жол» фильмінде Алия ханыммен серіктес болған, Ақан Сатаевтың командасы жақын арада кастинг ұйымдасытрмақ. Фильмде бой көрсететін барша өнер адамдары атқа отыруды, садақ атуды меңгеретін болады. Фильм 2017-2018 жылдары түсіріліп, халық назарына 2018 жылдың желтоқсанында ұсынылады деп күтілуде. Фильм сценарий авторлары: Алия Назарбаева, Тимур Жақсылықов.

 

Пікірлер

Войти с помощью: