Тәуекел Мүслім қырғыз қыздарын өзіне ғашық етті
184 рет қаралды пікір қалдырылмады 20.02.2017 сағат 13:26

Тәуекел Мүслім қырғыз қыздарын өзіне ғашық етті

16 ақпан барлық Қазақстан кинотеатрларында Қырғыз ағайындарымыз түсірген «Анамды іздеймін» киносы көгілдір экран көрермендеріне жол тартты.
Кино белгілі бір мақсатпен Америкаға тап болған қырғыз баласы туралы екен. Ол Америкада бір қазақты кездестіреді. Ол қазағымыз біздің қыздарды таңғалдырып, өзіне ғашық еткен- Тәуекел Мүслім.
Кино туралы көптеген пікірлер жазылып, тіптен кино ішіндегі кей сөздер бүгінде танымал болып кетті. Мысалға, қазақ халқының арасындағы «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда»,-сөзі осы кинодан соң, қырғыздық порталдарда жарық көрді.

Тәуекелдің өзінің айтуы бойынша «Анамды іздеймін» фильмін Американың қақ төрінде көрсетпекші.

Қырғыз қыздары фильм Қырғызстанда көрсетіле бастаған күнен бастап, Тәуекелдің шығармашылығына қызыға бастады. Тіптен, Тәуекел үшін Қазақ жеріне келуге де бел байлапты.
Ал біз сіздерге белгілі блогер Тимур Бектурдың фильм туралы пікірін ұсынбақпыз:
timurbekturАнамды іздеймін (В поисках мамы)

Кеше осылай деп аталатын қырғыз киносында болдық. Сюжетке тоқтала алмаймын. Өйткені, рецензия жазудан шеберлігім жоқ. Сондықтан, спойлер жасап жіберуім мүмкін. Ал жалпы қысқаша айтатын болсақ, Қырғызстанның бір қаласындағы бір балалар үйіндегі бір бала АҚШқа тап болады. Онда да өзі көздеген мақсатқа сай, діттеген шаруасымен барады. Сөйтеді де сол жақта жүрген бір қазаққа жолығып қалып, өзінің анасын іздеп жүргенін айтады. Сөйтіп, одан әрі кино оқиға осы тандемнің айналасында өрби береді. Жалғыз ғана айтарым, көптен бері кинотеатрдан демалып, жақсы бір дүние көріп шыққаным болар. Ешқандай эротикасыз, ешқандай жалпақ әзілсіз, ешқандай дөрекі кадрсыз да әдемі бір дүние жасауға болады екен. Осыған дейін де бұл қырғыз жігіттердің “Салам, Нью-Йорк” атты тамаша бір киносын көрген болатынмын. Бұл жолғы туындылары енді тіпті күшті шыққан. Қысқасы, міндетті түрде барыңыздар, көріңіздер. Ал кинодағы басты рөлді сомдаған Азамат деген баланы неге екенін білмедім, @sayasatn ағама ұқсата бердім

Пікірлер

Войти с помощью: