Шетелдік аруды жылатқан Нұрмұхаммед
731 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.01.2017 сағат 22:04

Технология дамыған заманда дүниенің төрт бұрышынан хабар алып, өмір тынысымен танысу бір минуттық іс. Қазақстанда тұрып-ақ Қиыр Шығыстағы әншінің жанкүйері болам десеңіз өз еркіңіз. Себебі, қайда болмасын өмір тынысынан хабар берер әлуметтік желілер бар. Қазіргі уақытта шетелдік бейнеклип пен әндерге өз әсерлерін түсіру танымал болып келе жатқандай. Қазақ әншілерінде, сол әуесқой түсірілім арқылы шетелдіктер танып жатыр десем артық айтпас ем. Соның бірін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Бұл «Кішкентай Мейрамбек» атанған 10 жасар Нұрмұхаммед Жақыптың «Бозторғайына» түсірілген әсер. Эми Би атты қыз Youtube желісінде оқырмандарының сұрауымен Нұрмұхаммедттің «Дара жол» бағдарламасында ғасырлар туындысы болып келе жатқан, «Бозторғай» әнін орындағанын тамашалайды. «Ninety one» тобының жанкүйері Эми қазақ тілін түсінбесе де, Нұрмұхаммедтің даусына елітіп, көзі жасаурап кетті. Бейнероликте ол «Сәбидің даусы жас шақырады екен», «Домбыраның үні сондай жағымды. Жақсы көремін!», «Қазақтарды жақсы көрем» деген сынды ағылшын тіліндегі сөздерін естуге болады. Ия, Бозторғайда кездесетін қазақтың домбырасының үнін естігенде, оның көзі жадырап сала берді. «Бозторғай» Нұрмұхаммедтің ғана емес, бұдан бұрын өнердегі ағасы Мейрамбек Беспаевтың тұсауын кескен ән екені белгілі. Он жасында шетелдің қызын жылатып ән айтса, жиырма жасында қазақты түрткіл дүниеге таныстырар азамат болар. Біз қазақ эстрадасының кішкентай ғана жұлдызына тілекшіміз.

Пікірлер

Войти с помощью: