Саят Медеуов – депутат
115 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.04.2017 сағат 17:19

Өзінің ерекше даусымен талай тыңдармандарын тамсандырып жүрген Саят Медеуов бүгінгі таңда депутат. Бұл туралы qamshy.kz сайтына сілтеме жасап, baistars.kz сайты хабарлайды. Әнші Алматы облысының, Қарасай аудандық №14 окуругінің Маслихат депутаты екен. Ол бұл күндері ауданда болған ресми шараларда бой көрсетеді екен. Саят мырзаның депутат болуы халыққа таңсық емес. Себебі, бұдан бұрын да өнер және спорт майталмандары Маслихат депутаты болып сайланған еді. Айта кетер жәйт, 26 наурызда болып өткен сайлау нәтижесі бойынша Наурызбай аудандық Маслихатында белгілі актер, халыққа «Сартай» есімімен таныс Асылхан Төлепов, сонымен қатар ХХХ жазғы Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сапиевте депутаттық санатта. Қазағымыздың сегіз қырлы бір сырлы азаматтары елімізді жетістіктерге жетелей берсін!

Пікірлер

Войти с помощью: