Санжар Мадиев Ресейлік фильмге түсіп жатыр
58 рет қаралды пікір қалдырылмады 26.04.2017 сағат 15:10

«Алтын Орда», «Күлгін қоян туралы ертегі», «Елім-ай», « Шыршалар-2» , «Аманат», «Қорғаушылар» фильмдерінде бой көрсеткен танымал актер Санжар Мадиев Ресейлік фильмге түсіп жатыр.

Мәскеу облысына жолға шыққан, Санжар 25 сәуір күні Ресейлік «Глиняная Яма» киносының алғашқы түсірілім күнін бастады. Бұл киноның режисесері кеңестік және ресейлік кино және театр актрисасы, бүгінгі таңда «Две женщины», « Одна война», « Чёртово колесо» туындыларына үлес қосқан -Вера Глаголева. Фильм провинцияның үш әйелінің тағдыры негізінде өрбиді. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, әйелдер әдеттен жырақ үйге ұзақ уақыт оралмай кеткен балаларын ұмытып кетеді.

Замана шындығының көрінісі болып табылатын туынды да бой көрсететін, Мадиевтің шетел фильміндегі алғашқы рөлі емес. Ол бұдан бұрын «Елки-2» фильміне түскен еді.

 

 

Пікірлер

Войти с помощью: