Q-pop жанкүйерлері Қайрат Нұртасқа махаббаттарын білдірді
376 рет қаралды 1 пікір 16.01.2017 сағат 20:14

Соңғы уақыттарда желіде, Q-pop жанкүйерлері арасында «Кай оппа» есімі танымал болып кетті. О баста желі қолданушылары оны түсінбегенмен, кейіннен Кай оппа деген Қайрат Нұртастың нағыз өзі екеніне көз жеткізді. Тіптен олар өздеріне Кайлавер деген есім қойып алған көрінеді. Олардың Қайрекеңе дәл бұлай махаббатарын ашық білдіруін:

«Қайрат Q-pop өмірге келмей тұрып сахнаға шықпаса да, ол соңғы жылдары өзін ерекше көрсетіп жүр. Ол жаңашыл жастарға ұнайды», – деп түсіндіреді. Тіптен, кейбіреулері оны үздік бестігінің қатарына кіргізеді. «Бұл боямасыз шындық«, – деп айтады олар. Ал Қайрекеңнің өзі-өзіне Q-pop-тық жанкүйерлері жасаған коллажды инста парақшасына жариялады. Ал ол коллаж біраз пікірталастардың туындауына себепкер болды. Коллажды жасаушы жанкүйер Қытайға оқуға кеткен отандасымыз екен. Ол Қайраттың суретін көре сала бөрігін аспанға атты.Сурет астында жанкүйерлері оны Жанар Дугаловадан қызғанып үлгерді.

#KN#KN?

A photo posted by Кайрат Нуртас (@kair_n) on

Пікірлер

Войти с помощью: 
Шұғыла Қамалова

соңғы кезде ұнап жүр Қайрат оппа ?

16.01.2017 в 22:09