Нью-Йорк төріндегі қазақ баласының суреті
99 рет қаралды пікір қалдырылмады 30.03.2017 сағат 03:51

Димаш Құдайберген әлемге қазақ атын танытып келе жатыр. Бұл жолы айтулы әншінің суреті әлемнің атақты қалаларының бірі Нью-Йорктың төріне қойылды. Бұл туралы оның досы Алпамыс Шаримов хабарлайды. Оның айтуынша Димаштың бұл суретті бүкіл әлем бойынша дауыс беруші жанкүйерлернің арқасында қойылып отыр екен. Әміре Қашаубаев Париждің төрінде ән салса, Димаштың суреті Нью-Йорктың лэд-дисплейінде тұр.

Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен БАСТЫ ЛЭД дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт-өкілдер, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады! #DQ #TheSingerDimash #DEARS #Dimash #USA #NEWYORK

A post shared by Alpamys Sharimov (@asharimov) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: