Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Үсенқызы дуэт айтты
288 рет қаралды пікір қалдырылмады 16.04.2017 сағат 18:04

«Баласымен жағаласып әкесі ән айтты деп айтып жүргендер шешесіне не жоқ дейтіні анық. Үлкен өтінішпен тек бір-ақ мәрте «Махаббат әлемі» атты ән- кешімізге қатысып беріңіздер деген соң, мың ойланып-толғанып әрең келіссекте алаңдап отырған жайымыз бар. Неде болса белді бекем будық. Енді ән айту үшін қанша әңгімеге қалатынымды білсемде шақырған екен баруымызға тура келіп тұр»,-деп жазған Гүлзира ханым мен Нұртас мырза керемет дует айтып шықты. Сахнаға қобалжумен шықса да, ұлдары Қайраттай сахнаның гүл болды десек артық айтпағанымыз. Бұл дуетті көрген халық енді Қайрат Нұртас пен ата-анасының трио болып айтқан әнін күтетіндерін жасырмады. Сахнада вальс билеп, шыр көбелек айнала ән шырқаған ата-ана ұлдарының дарыны қанмен дарығанын тағы дәлелдеп өтті.

 

Пікірлер

Войти с помощью: