«Найман» Владивостокта чемпион белбеуіне таласады
55 рет қаралды
пікір қалдырылмады
04.04.2017 сағат 19:41
Ғаламтор желісін түрлі өзекті мәселелерді көтеріп шулатып жүрген «Найман» атымен танымал боксер Қуат Хамитов Владивостоктағы «Фетисов Аренада» чемпион белбеуіне таласпақ. Оның қарсыласы Ресейлік Магомедсайгид Алибеков. Бұл жекпе-жек сәуір айының 21 жұлдызына жоспарланып отыр.
Қуаттың өзінен екі жасқа кіші қарсыласы небәрі 7 мәрте кездесу өткізген екен. Жеті кездесуді де жеңіспен аяқтаған ол Найманды бой тұрғысынан басып озған.
Халық Магомедсайгидтті Қуат үшін осал қарсылас деп тапты.
Пікірлер