Музарттықтар өз ізбасарларына ат таңдауды халыққа тапсырды
158 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.01.2017 сағат 12:57

Музарттық ағалары өз инста парақшаларына МузартLive жобасының жеңімпаздары Серікболсын, Нұрхат, Сұлтан, Азиздің суретін салып:

«Ассаламуағалейкум, достар! «МузАРТ» ізбасарларына ат қойып, айдар тағуға атсалысыңыздар.Ұсыныстарыңыз болса жаза отырыңыздар»,-деп жазды.

Халық өздерінің ұсыныстарын айтып жатты. agugai.kz ерекше деп тапқан 10 есімді сіздерге ұсынбақпыз:

1. @kaldenovaidar: Мұрагер жақсы сияқты
2. @keruenova: Музарт таудан ушкан Музбалак деп Мукагали акынды айткан,сол сиякты Музарттын Музбалагы болсын. Музбалак!
3. @utemis.tansholpan_: Ізбасар деп қойыңыздар. Сіздердің ізбасарларыңыз деген.
4. @aiym_kenzhealieva: Аманат тобы десе ше? Ағаларының ізін жалғау бұл жігіттерге аманат етілді ғой. Бұл атау орыс тілінде де басқа тілдерде де оңай айтылады әрі мән мағынасы терең@saken_maigaziyev
5. @saltanatkungabylova: АЛАШАЙНАСЫ
6. @gurgen_gurgen2016: «Инишектер» немесе «Избасарлар» на крайняк «Братішкелер»
7. @ aidarkhan1914: сəлеметсіздерме менің өз ойым Самұрық деп қойсаңыздар,Самұрық деген алып құс ,аңыз əңгімелерге сүйенсек тынбай ұшатан,өлсе қайта тірілетін,өлгенде де тірілгенде де от болып жанатын,қуаныштан шаттанып күлгенде аузынан будақ-будақ төгіліп аппақ гүлдер түсетін,мұңая тұрып жылағанда жасаураған көзінен моншақ-моншақ маржан төгілетін,ғаламатқа бергісіз құс.
8. @berikkyzy_m: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында дүниеге келген топ, меніңше, «Жерұйық» деген атауға лайық сияқты. Асан қайғы аңсап өткен «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт заманның ұрпақтарын әсем әуенімен тамсандырып, сол бір Жерұйықты еске салатын топ болады деп сенемін. @m_besbaev
9. @balzhanmoldabek: Мүмкин «Жігіттің сабаздары»
10. @zhaina.ramankulova: Дәстүр

Пікірлер

Войти с помощью: