«Мұзарт» тобы отбасымен Жазира мен Жанболаттың бейнеклипінде бой көрсетті
357 рет қаралды пікір қалдырылмады 06.04.2017 сағат 00:41

Аты аңызға айналған « Мұзарт» тобының беделді мүшелері Мейрамбек Беспаевпен Сәкен Майғазиев отбасыларымен эстрадамыздағы жарасымды жұп Жанболат пен Жазираның бейнеклипінде бой көрсетті. «Тұсаукесер» атты бейнебаянға Жанболат пен Жазира үлкен дайындықпен кірісіпті. Олар тұсаукесердің негізгі кесу жолы қалай екенін 20 шақты қариядан сұрағандарын сөзге тиек етеді. Бейнебаянға Мейрамбек, Сәкен сынды әншілеріміздің жұбайлары мен балалары түскен.

Тұсауды әркім әрқалай кеседі.Біреулер алдынан,біреулер артынан,біреулер пышақпен,біреулер қайшымен,біреулер ала жіппен,біреулер тоқ ішекпен. 20 шақты қариядан дұрысын сұрап едік. Үлкен кісілердің де ойы әртүрлі болды. Сонымен кім қалай кессе де ниеті түзу болса болды екен ғой деген ой түйдік! Бүгін түсірілген бейнебаяннан көрініс! 05.04.2017ж #Алматы#Тұсаукесер#ЖанболатЖазира#ЖазираБайырбекова

A post shared by Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa) on

 

 

Пікірлер

Войти с помощью: