Төреғали Төреәлі – Жылама ботам
  • Уақыты: 3:55
  • Өлшемі: 9.05 MB
  • Битрейт: N/A
  • Формат: mp3
  • 4148 рет қаралды
  • 1116 рет тыңдалды
  • 13448 рет жүктелді
  • 0 пікір
Әннің сөзі (текст)

Жүрегіңнің жаным жылағанын,
Жүрсіңбе әлі жасырып.
Ақбозатқа мініп Төлегенің,
Келетіндей асығып.
Тағдырыңа басұрып,
Сағынышыңды сағымға сіңіп.

Жарасына жанның уақыт емші,
Айлар өтер, жыл өтер.
Тіршілігі болмай тірі жанның,
Жігеріңді құм етер,
Ойлай берсең жүдетер,
Еркетайым-ау, еңсеңді көтер.

Қ-СЫ
Жан Ботам жыламашы, Жан Ботам жыламашы,
Жылама Ботам.
Қайғың бар, бағаңда бар, бір анаға тән,
Жылама Ботам

Төзім жеңіп нәзік сезіміңді,
Сезіміңде тым әлсіз.
Елестетсем еркем ертегіңді,
Ертеңіңді тұмансыз.
Бақ табуың күмәнсіз,
Сырға болмайды жаным сыңарсыз.

Төрт тұяғы бүтін тұлпар барма?
Болмасада шабады.
Қос қанаты бүтін сұңқар барма?
Барлық адам жаралы.
Шыдай тұрсаң шамалы,
Сенің үйіңде той болар әлі.

Қ-СЫ
Жан Ботам жыламашы, Жан Ботам жыламашы,
Жылама Ботам.
Қайғың бар, бағаңда бар, бір анаға тән,
Жылама Ботам.

Жан Ботам жыламашы, Жан Ботам жыламашы,
Жылама Ботам.
Қайғың бар, бағаңда бар, бір анаға тән,
Жыламан апа-ау

Басқа әндер
Пікірлер

Войти с помощью: 
Хитшеру
Көп жүктелген әндер