Төреғали Төреәлі – Ақиқат
  • Уақыты: 4:00
  • Өлшемі: 9.52 MB
  • Битрейт: 160 кбит/с
  • Формат: mp3
  • 19615 рет қаралды
  • 5628 рет тыңдалды
  • 37640 рет жүктелді
  • 3 пікір
Әннің сөзі (текст)

Әрбір қазақ батыр,
Бір-біріне шатыр.
Қайда екенін қайдам,
Жүріп келе жатыр.

Жігіттерім дүл-дүл,
Аруларым бұл-бұл.
Тарихымда мін жоқ,
Болашағым бұлдыр.

Ұлың сырға тақты,
Қызың арын сатты.
Бауыр болғасын ба,
Жүрегіме батты.

Сәбилерді тәтті,
Қоқыстардан тапты.
Кім айтады мұны?
Мен айтпасам қатты.

Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.

Жаза басқан жан көп,
Жазалайтын заң жоқ.
Ақсақалдан қазір,
Шарап ішкен шал көп.

Сөздерінде мән жоқ,
Көздерінде шам жоқ.
Көретіндей кино,
Тыңдайтындай ән жоқ.

Дүдәмалдау дінім,
Дүмше молда пірім.
Жау көреді қалай?
Қазақ бірі-бірін?

Алабажақ тілім,
Шалақазақ ұлым.
«Анасы» бар тұғын,
«Мамасы» бар бүгін.

Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.

Кәмелеттік жасқа,
Кәлимасыз баспа.
Жаратқанның құлы,
Екеніңді раста.

Еліктейді таста,
Ақылыңды шашпа.
Үлгі болар кім бар?
Пайғамбардан басқа?

Бір адамдар шықты,
Жүректері түкті.
Батырларға әлсіз,
Әлсіздерге мықты.

Басшыңда бар әлгі,
Тұратындай мәңгі.
Заңды бұзып қойса,
Өзгертетін заңды.

Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.

Біреу тендер атты,
Теңге судай ақты.
Бастапқыдан қымбат,
Басындағы шәпкі.

Гай шопырды аяп,
Ұстамайды таяқ.
Қолында ақша жоққа,
Қолайлысы аяқ.

Ұстаз ойы терең,
Еңбегі бар ерен.
Айлық алмау керек,
Шәкіртінен төмен.

Миллион, миллион теңгең,
Артық емес ерден.
Дәрігерге қимай,
Депутатқа берген.

Сақтап баба сертін,
Ойымды айттым еркін.
Жасырғанмен іште,
Жазылмайды дертім.

Шындықта жоқ шеңбер,
Маған ренжімеңдер.
Дәрі ашшы болса,
Дертімізді емдер.

Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.
Бұл, бұл ақиқат.

Басқа әндер
Пікірлер

Войти с помощью: 
Хитшеру
Көп жүктелген әндер