Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен – Сен жалынсың
  • Уақыты: 3:31
  • Өлшемі: 8.32 MB
  • Битрейт: N/A
  • Формат: mp3
  • 2949 рет қаралды
  • 1857 рет тыңдалды
  • 3829 рет жүктелді
  • 0 пікір
Әннің сөзі (текст)

1) Cен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Бір қарауға шыдармын шыдағанға.
Жарқыныңды, жалынды сүймек тұрмақ,
Жақындау да қиын ғой тірі адамға.

Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көзіме көрінші ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.

2) Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де бір күн,
Жастығыңның жалауы құлағанда.

Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көзіме көрінші ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.

 

Басқа әндер
Пікірлер

Войти с помощью: 
Көп жүктелген әндер