Ернар Айдар – Өмір-өмір
  • Уақыты: 4:16
  • Өлшемі: 9.86 MB
  • Битрейт: N/A
  • Формат: mp3
  • 3405 рет қаралды
  • 325 рет тыңдалды
  • 5595 рет жүктелді
  • 0 пікір
Әннің сөзі (текст)

Бұл өмiрдiң қысының да жазының,
Бәрi күту тағдырыңның жазуы.
Көрiп тұрып сан мың өтсе де,
Жинамаймыз аhiреттiң азығын.
Дүниенi таусылардай тасыған,
Адамдарға қарап тұрып ашынам.
Бұл жалғанда қалатындай мәңгiлiк,
Және қайта бастайтындай басынан.

Қайырмасы:
Өмiр-өмiр, бiрге жүрген ғажабы да азабы,
Өмiр-өмiр, қайтарында жылататын базары.
Саған қарай ұмтыламыз көшкiн боп,
Өмiр-өмiр өтесiң-ау бес күн боп,
Жер бетiнде сенен қатал ешкiм жоқ. [2 рет]

Көзiң барма көремiсiң жарықты,
Ендi қара жанары жоқ ғарiптi.
Бiрiң екi болмады деп екiң төрт,
Дүниеге тоймайтындар налыпты.
Жер бетiне сыйыспаймыз бекер бiз,
Қонақпыз ғой сәл шыдасақ өтермiз.
Дүние түгiл махаббатпен жинаған,
Өмiрдi де қимай тастап кетермiз.

Қайырмасы:
Өмiр-өмiр, бiрге жүрген ғажабы да азабы,
Өмiр-өмiр, қайтарында жылататын базары.
Саған қарай ұмтыламыз көшкiн боп,
Өмiр-өмiр өтесiң-ау бес күн боп,
Жер бетiнде сенен қатал ешкiм жоқ. [2 рет]

Пікірлер

Войти с помощью: 
Хитшеру
Көп жүктелген әндер