Əбдіжаппар Əлқожа – Махаббатсыз өмірді кім сүрмек
  • Уақыты: 3:04
  • Өлшемі: 7.08 MB
  • Битрейт: N/A
  • Формат: mp3
  • 3550 рет қаралды
  • 723 рет тыңдалды
  • 7381 рет жүктелді
  • 0 пікір
Әннің сөзі (текст)

Сен Алматы,  ал, мен Шымкент жақтамын
Алатаудың басып жүрсің ақ қарын.
Саған қарай ұшқым келіп, есімде,
Əуежайдан  жаяу қайтқан шақтарым.

Таусылмайды тағдырыммен күресім,
Оны сен де менен жақсы білесің.
Саған ғана өлең жазу болып тұр —
Үкіметке бар тигізген  үлесім…

Қайырмасы:

Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек,
Кеуде тұсым соғып жатыр дүрсілдеп.
Суретіңді төс қалтама сап қойдым,
Жүрегіме жақын жерде тұрсын деп!

2. Жаным, оның ойланатын түгі жоқ,
Соза берсек сұлтауыңның жыры көп.
Бес-алты жыл жүргенім де жетпей ме,
Бағаланбас бақытыңның бірі боп.

Сен жалғызсың… жүрегім де жалғыз ғой,
Бір-біріне бола туған жанбыз ғой.
Үйленгендер тізіміне енейік,
Өлмегендер тізімінде бармыз ғой!

Қайырмасы:

Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек,
Кеуде тұсым соғып жатыр дүрсілдеп.
Суретіңді төс қалтама сап қойдым,
Жүрегіме жақын жерде тұрсын деп!

Басқа әндер
Пікірлер

Войти с помощью: 
Хитшеру
Көп жүктелген әндер