Мөлдір Әуелбекова жаңа бейнеклипіндегі киім үлгісі үшін сынға қалды
111 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.03.2017 сағат 00:41

Мөлдір Әуелбекова осыдан екі күн бұрын өзінің асығыс түсірілген «Туған Ел» бейнеклипін ұсынды. Әншінің өзі хабарлағандай жарты күнде түсірілген бейнеклип Тойдуман арнасында жарық көрді. Тойдумандықтар Мөлдірді «Қазақтың даласындай кең дауысты» – деп көрсетті. Әннің сөзін жазған айтыскер ақын Оразбек Қиынбаев болса, әні Шоқан Уалихан екен. Бейнеклиптің не себепті асығыс түсірілгені туралы Мөлдір «Ең маңыздысы асыққан себебім: үйде 3 айлық құлыншағым күтіп отырды», – деп хабарлайды.

Моляның жазбасынан ұққанымыз киетін киімдерді ол түсірілім барысында ғана көрген екен. Дегенмен, Мөлдірдің бейнеклипіндегі қытай қызының образына ұқсайтын киімді халық «жатарда киетін пежамаға» ұқсатты. Ал шашын «таралмаған» деп, «ұйқыдан тұра салып түсірген», – деп сынап жатты. Мөлдірдің бұл клипі декреттік демалыстан кейін түсірген бейнебаяны екенін ескерсек, бұны кешіруге болады. Мөлдірдің жаңа бейнебаянына дайындық жүріп жатыр.

Ал, достар сәлем!? Асығыс жарты күнде түсірілген бейнеклип @toiduman.kz арнасында жарыққа шықты. Босанып 3 айда қатарға ену қиындау екен, сонда да қоймай түсірдік!? Клип қызықтары: киетін киімдерді түсірілім алаңында бірақ көрдім!? Шаш үлгісі мен бет әрлеуді бірнеше рет өзгертуге дым уақыт болмады!? Биді сол жерде жаттадым!? Қалай?? Өзім таңқалып жүрмін!? Ең маңыздысы асыққан себебім: үйде 3 айлық құлыншағым күтіп отырды! Жаныыыыыыыыыыыыыыым ғой!??❤ Келесі бейнебаянға дайындық жүріп жатыр!? Оған уақыт көөөөп енді!? Бұйырғанын көріп жатырмыз Аллаға шүкір!?? Ссылка жоғарыда!?? Ән: @shokan_ualikhan Мәтін: @orazbek_kinbaev Режиссер: @rafael_romen Оператор: @zadarnovskiy Әрлеген: @atamas_makeup

A post shared by ❣️МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА❣️ (@moldir.auyelbekova) on

Пікірлер

Войти с помощью: