Мөлдір Әуелбекова инстаграм аккаунтын сатпайтынын мәлімдеді
116 рет қаралды пікір қалдырылмады 25.01.2017 сағат 13:17

Көгілдір экранға жол тартқан Хабар арнасындағы «Давайте говорить» атты орыс тілді ток шоуда Мөлдір өзінің аккаунтын ешқандай да қаржыға сатпайтынын айтты. Майя Бекбаевамен болған шоудың тақырыбы- ғаламтор арқылы пайда табу болды. 6 қаңтар күні түсірілім болып өткен, бағдарлама тақырыбының негізі идеясы ғаламторды пайда көзі ретінде пайдалануға бола ма, ол жайлы қоғам не біледі.

Ток шоу жүргізушісі Майя ханым Мөлдірдің әріптесі Мақпал Исабекованың өз аккаунтын 1,5 миллион қаржыға саудалап, одан түскен қаржыны қайырымды іске жұмсағанын тілге тиек етті. Ол Мөлдірденде өз аккаунттын сатқысы келмей ме деген сауал қойғанда, Мөлдір бірден «жоқ» деп жауап берді.

«Ол менің өнерімді сыйлайтын тыңдармандарым мен жай ғана менің өмірім қызық адамдар. Ол адамдар менің аккаунтыма жылдап жиналды. Қазіргі уақытта ол жерде 1 100 000 тіркелуші бар» деп айтты. Майя өзге аккаунтқа қайта жинап алуға болатынын айтқанда, Мөлдір тағы қарсы пікір айтты. Қаншама ұсыныстар күн санап түссе де, ол өз аккаунтын саудаламайды. Айта кетер тағы бір жайт, бұл Мөлдірдің декреттік демалыстан соң бой көрсеткен алғашқы түсірілімі.

"Давайте говорить" @mbekbaeva !?

A photo posted by ❣️МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА❣️ (@moldir.auyelbekova) on

Пікірлер

Войти с помощью: