Мейрамбек Беспаевты тыңдармандары Абай Құнанбайұлына ұқсатуда
198 рет қаралды пікір қалдырылмады 02.03.2017 сағат 20:47

Мейрамбек Беспаевты тыңдармандары Абай Құнанбайұлына ұқсатуда

Белгілі әнші, өзінің даусымен талай жүректерді тебіренткен Мейрамбек Беспаев Нұрлан Қоянбаевтың басшылығымен ұйымдастырылатын «Түнгі студия» жобасында айтқан уәдесін орындап шашын алып тастады. Бұл осыдан апталар бұрын болған еді. Мәкеңмен бірге уәдесіне берік болған Кенжебек Жанәбіловте өз шашын алған еді. Осыдан екі апта бұрын инста желісіне Кенжебек Жүрсін Ерман, Алтынбек Қоразбаев әрі Мұзарттың жігіттері бар фота жариялады. Сол кезде фотаны көре сала халық шу етті. Бірі жарасады, бірі жараспайды деді. Кей біреулер бұл эстетикалық талапқа сай емес деп жатты. Бірақ сол пікірлердің ең озығы Мейрамбек ағамызға арналған сияқты, тыңдармандары әншіні ұлы ақын Абай Құнанбайұлынан аумай қалды деседі. Мәкеңнің жаңа шаш үлгісі былай тұрсын, оның мұрты мен сақалы дәл ақындыкіне ұқсас болуы себеп болса керек, әлуметтік желілердегі Мейрамбек ағамыздың суреттерінің астынан осындай пікірді кездестіруге болады. Біз сіздерге ақын мен әншінің суреттерін ұсынайық, ұқсастығын өз көзіңізбен көріңіз.

Менің шашыма қарағанда Макеңнің шашы тез өскен сияқты.?

A post shared by Кенжик (@kenzhebekmuzart) on

@altynbekkorazbaev Көкемнің шаңырағында!

A post shared by Кенжик (@kenzhebekmuzart) on

Пікірлер

Войти с помощью: