Моңғолиядағы Сәкеннің суреті қанша жыл сақталды?
113 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.03.2017 сағат 00:46

Төреғали Төреәлі Баян Өлгейге барған ән сапарында, қандасымыздың қойынкітабында сақталған ескі суретті жариялады. Ол «Музарттың» беделді мүшесі, әрі қазақтың жанашыры Сәкен Майғазиевтің жас кезіндегі суреті екен. Ескі қойынкітапта сақталған, скотчпен жапсырылған бұл суретті көріп жүрегің елжірейді. Төреғали өз жазбасына «Алыстағы қандастардың махаббаты суреттегі суреттен көрініп тұрған шығар?!» – деп жазды.

Ал Сәкеннің өзі: «Бір әке, бір шешеден тумасақ та, туған бауырындай қойынкітабында сақтап жүрген Маңғолиядағы қандастарымызға АЛЛА разы болсын. Ақ Төреш, ол жақтағы жақындарға жалынды сәлем жолдарсың»,-деп өз пікірін білдірді. Маңғолиядағы қандастарымыздың сөзіне сенсек сурет 2007 жылы «Музарт» ән сапармен Маңғол жеріне барған кезде түсірілген екен. Олай болса, бұл сурет Сәкеннің отыздың шыңына енді шыққан шағында түсірілген болу керек.

Пікірлер

Войти с помощью: