Манас Қайыртайұлы: Қазаққа керек емес министрлік
70 рет қаралды пікір қалдырылмады 24.02.2017 сағат 18:36

Манас Қайыртайұлы:  Қазаққа керек емес министрлік

Белгілі ақын, 31 арнадағы «Информбюро» жаңалықтар қызметінің журналисі, мерекелік іс-шаралар жүргізушісі  Манас Қайыртайұлы  ақпарат және коммуникациялар министрлгін сын астына алды.

Бұған дейін «Жастар жырлайды» сынды жас ақындар додасында бой көрсетіп, сүбелі сөз айтып, жүрген ақынға министірліктің қызметтік хатында жазылған  өз атауындағы орфографиялық қателер ұнамай қалған көрінеді. Расы керек, бүгінде Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің компаниясы мен қандай да бір мекемесі, одан қала берді дүкенінің маңдайшасындағы қазақ тіліміздің халі мүшкіл. Қай жерде болмасын қазақ тілін үшінші сорттық тіл сияқты ысырып тастайды. Осы орайда қоғам қайраткері, тіл жанашыры, ұлттың хас тұлпары Мұхтар Шахановтың «Қай елде болса да, ана тілін сыйламау- туған анасының жүрегіне тебумен бірдей» ,-деген сөзін тілге тиек еткіміз келеді.  Манас Қайыртайұлы елімізде осындай анасын жүрегіне тебетін опасыздардың әлі де бар екенін еске салып, мәселенің шетін шығарғандай. Тілші өз сөздерін өлеңмен жеткізеді. Манас бұл туралы өзінің әлуметтік желілердегі парақшаларына жариялады.

 

manas_kaiyrtaiСауатсызды керек қой жазалауы,

Бұл қорлауға тіл қайтып төзе алады?!

Атауынан жіберген алты қате,

Жоғарының бітпейді-ау мазағы әлі.

Қазаққа керек емес министрлік,

Жат тілмен жасақталған базалары.

Ол түгілі бастауыштың оқушысы,

Аты-жөнін қатесіз жаза алады.

#аппарат

#ақпарат

#қазақстан

#казахстан

#және

#жэне

#ұят

#қайдағыұятемес

Пікірлер

Войти с помощью: