Қытайлық Dears Гонгконг қаласында Наурыз мейрамын атап өтпекші
41 рет қаралды пікір қалдырылмады 05.03.2017 сағат 12:12

Қытайлық Dears Гонгконг қаласында Наурыз мейрамын атап өтпекші

Димаш Құдайбергенов Қытайдың Чанжа қаласында өткен «Мен әншімін» жобасына қатысқалы бері еліміздің аты асқақтап, көптеген шетелдіктерді мойындатты. Димаштың жанкүйерлері тек қана әнші емес, әншінің ұлты, діні, тілі мен дәстүріне қызығуда. Осыдан бұрын отандық БАҚ Димаштың Қытайлық жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде деп шуласты,енді қытайлықтар қазақтың төл мерекесін атап өтпекші.

Бұл меркені ұйымдастырушылар Гонгконгта орналасқан Техникалық Университеттің « Топографиялық суреттер және геоақпарат» бөлімінің студенттері екен.

Мәссаған демеске амалымыз жоқ.

Бұл Қытай халқының өнерді өте жоғары бағалап, кумирлері дегенде Қазақстан мен Қытайды бөліп тұрған кеденді де ескермейтіндерінің көрсеткіші. Димаш-Қытай мен Қазақстан арасындағы көпір іспетті.

Пікірлер

Войти с помощью: