Қытай қыздары: Егер Димаш пен Луханның бірін таңдау керек болса, мен сөзсіз Димаш дер ем
460 рет қаралды пікір қалдырылмады 06.02.2017 сағат 23:30

Қытай қыздары: Егер Димаш пен Луханның бірін таңдау керек болса, мен сөзсіз Димаш дер ем.

Бірнеше күн бұрын agugai.kz сайты танымал әнші Димаш Құдайгергеннің қытайлық жанкүйерлерінен сұхбат алған еді. Олардың толық сұхбатын сайтымыздан оқи аласыздар.

 

Бірнеше күн бұрын agugai.kz сайты танымал әнші Димаш Құдайгергеннің қытайлық жанкүйерлерінен  ағылшын тілінде сұхбат алған еді. Біз қытай қыздарымен instagram , Weibo, Whatsapp сынды әлуметтік желілер арқылы сұрақтарымызға жауап алдық. Шамамен, 20 қытай қыздарының арасында тек екеуі ғана бізге ашық түрде сұхбат беруге келісті. Олардың айтуынша сұхбат берген қарапайым жанкүйер қытайда нағыз сенсация. Олардың сұхбаты Димаштың Қытайлық жанкүйерлері арасында үлкен шу тудыруы мүмкін екендігін, әрі қалған 18 қытай аруының сол себепті сұхбаттан бас тартқандарын айтты. Олай болса сіздерге Қытайдың дизайнерлік университетінің бірінші курс студенті  Чжен Сяоюй мен өзін ағылшының Аделина есімімен таныстырған қытай қыздарының сұхбатын ұсынамыз.

Тілші: Сәлем қыздар! Мен Қазақстандық веб-сайт agugai.kz –тің тілшісімін. Димаштың сіздер секілді жанкүйерлері бар екендігі жанымызды жылытады. Бізге сұхбат беруге келіскендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Жауап беруге дайынсыздар ма?

Чжен Сяоюй: Әрине. Бірақ, мен ағылшынша жақсы білем деп айта алмаймын. Сонда да қолдан келгенше ойымды жеткізіп көрейін.

Аделина: Дайынмын. Қолымнан келеді деп ойлаймын.

Тілші: Алғашқы сауалымызды өздеріңіз туралы сұрақтан бастасақ. Қазақстандық оқырманға өздеріңізді таныстырып өтулеріңізді сұраймын.

Аделина: Мен Қытай мемлекетінің азаматшасымын. Мен ән тыңдағанды жақсы көремін, әрі музыка жанрын таңдамаймын десе де болады. Ал Димаш ол өте талапты, өнерлі, әрі мені өзіндік музыкалық шеберлігімен таңғалдырған әнші. Сондықтан болар сіздердің сұхбаттарыңызға көп қытай қыздары келісе кетуі оңай емес. Сұхбат берген қарапайым жанкүйер-қытайда нағыз сенсация. Олардың сұхбаты Димаштың Қытайлық жанкүйерлері арасында үлкен шу тудыруы мүмкін. Сондықтан да мен өзімнің шынайы есімімді емес, Аделина есімді ағылшын тіліндегі есімімді айтқым келіп отыр.

Чжен Сяоюй: Мен Қытайдың дизайнерлік университетінің бірінші курс студентімін. Мен Қытайлықпын. Мен атап өткендей менің ағылшын тіліндегі сөздік қорым тар, кешірім өтінемін. (ол өзінің ағылшын тіліндегі жазбаларына ұялып отыр)

Тілші:  Сіздер  Димаш Құдайбергенов туралы алғаш қайдан естідіңіздер, әлде Қытай еліндегі телеарналық шоу себепкер болды ма?

Аделина: Ия, мен өз елімде болып жатқан «Мен әншімін» атты тв-шоуды көргенен соң Димашқа назар аудара бастадым. Шындығында көптеген қытай жакүйерлері оны осы шоу арқылы таныды. Ол өзінің сымбаты, балаларға деген мейірімі, жас қыздарға деген сыпайлығы арқылы бірден  танымал болды. Қытай қыздары оны іні немесе үйленуге таптырмас күйеу деп ойлайды.

Чжен Сяоюй: Әрине, менің Димашты тануыма себепкер «Мен әншімін» шоуы. Мен сізге Қытайлық жанкүйерлердің Димашқа деген махаббатын айтып берейін. Менің өзім оның әнін естіп тамсандым. Мен оны шоуға қатысушы қарсыластарымен салыстырып оның олардан әлдеқайда жас екендігін аңғардым.  Соған қарамастан ол өте тәжірбиелі музыкантқа ұқсады. Ол ақылды, әрі өте тәрбиелі. Қытайлықтар оның  ішінде мен Димаштың сыпайлығына қатты таңғалдық. Қазіргі таңда аспан асты елінде оның жанкүйерлері өте көп. Оның жақында ғана ашылған Weibo парақшасы бір миллионнан аса оқырман жинады. Біз Димаштың  мүмкіндік болса,  өз елінде әрі біздің елімізде де айтарлықтай атақты болғанын қалаймыз. Мен бұған үміттенемін, әрі сенемін. Себебі, Димаш ұлы әнші.

Тілші: Аделина сіз бағана көптеген қытай қыздары Димашты «үйленуге таптырмас күйеу деп ойлайды» деп атап өттіңіз. Бұны қалай түсінсек болады?

Аделина: Қытай жанкүйерлері жақсы көретін әншісін, бірден өзімен бірге неке куәлігіне қол қайып жатқанын елестетеді.  Олар Димашты өте қатты жақсы көреді.

Чжен Сяоюй: Мен тағы айтып өтуіме болады ма? Мен Димаштың ата-әжесінің қолында тәрбиеленгендігі туралы естідім. Бұл мені өте қатты қызықтырды. Оның ата-анасы да музыка әлемінен хабарсыз емес екен. Тұлға, оның ішінде өнер адамы үшін оның жақындарының қолдауы өте қажет деп ойлаймын. Мен оның өнер көрсетіп болған соң әкесімен қауышқан бейнеролигін көрдім. Ол өте әсерлі. Қытайлықтарда мынандай бір мақал бар: «Ұстаздан шәкірт озар». Ол мақал сіздерде бар ма, жоқ па білмедім. Бірақ, осы мақал Димаш пен оның ата-анасына дәл келіп тұрғандай.

Тілші: Сяоюй сіз мені қатты таңғалдырдыңыз. Сіз оның биографиясын қатты зерттеген сияқтысыз.

Чжен Сяоюй: Сөзсіз, зертеу жұмысы әлі жалғасуда.

Тілші: Сіздерден Қытайлық айдол Лу Луханды танисыздар ма деп сұрауым артық шығар, солай ма?

Аделина: Әрине, оны танымау мүмкін емес. (Сяоюйде Аделинамен келісті)

Тілші: Көптеген қытайлық жанкүйерлер Димашты Луханмен ұқсас деп айтады. Осы туралы сіздер не айтар едіңіздер?

Аделина: Мен олай ойламаймын. Димаш музыкалық мүмкіндігі көп әнші әрі мен білсем ол халықаралық ареналарда көп өнер көрсетеді. Ал Луханға келер болсақ ол Димаштың қасында қарсылас болуға мүмкіндігі жетпейді деп ойлаймын.

Тілші: Ол сіздің отандасыңыз болса да ма? Қателеспесем,  Лухан жеке соло-дебютке дейін ЕХО атты халықаралық сұранысы көп топта ән айтқан. Яғни, Луханда халықаралық аренаның әншісі. Соған қарамастан мүмкіндігі жетпейді деуіңізді қалай түсінсек болады?

Аделина: «Музыка- шекараны білмейді», «Өнер бір тілде сөйлейді»,-дегенді естуіңіз бар ма? Димаш -сирек кездесетін дарын иесі. Лухан халқаралық тұрғыда атақты болғанмен ол  кәсіби музыкалық шоуларда көп бой көрсетпейді. Ол қытайлық жігіт болса да, мен оның өнеріне осындай ойда болуыма осы себеп әсер етті.

Тілші: Чжен Сяоюй сіз бұл туралы не ойлайсыз? Аделинаның пікіріне сөзсіз келісесіз бе?

Чжен Сяоюй:  Түбегейлі келісемін деп айта алмаймын.  Лухан Қытай жұртышылығының арасында барынша танымал. Оның жанкүйерлері Луханның Weibo парақшасында әлемдік рекордты жаңартты. Бірақ олар бір-біріне ұқсайды деп ойламаймын.  Олардың ән айтудағы жанрлары екі бөлек. Мен бүгінде Димашты тек бір жанрда ән айтқанын байқадым. Ал Луханға қай жанр болмасын сай келеді. Десекте, әркімнің өз тыңдармандары бар. Өнер иелерінің қай-қайсысы болмасын тыңдармандардың құрметі мен қолдауына лайықты. Егер Димаш пен Луханның бірін таңдау керек болса, мен сөзсіз Димаш дер ем.

fY5R8Zd2g_I

Тілші: Өзге де Қытайлық жанкүйерлер солай ойлайды ма?

Чжен Сяоюй: Бұл сұрақтың жауабы әр адамның субьекттік көзқарасына байланысты деп ойлаймын. Әркімнің талғамы мен ойы басқа, мен өзгелер үшін жауап бере алмаймын.  Мен Лухан мен Димашты ұқсас деп жазған мақала немесе жанкүйерлердің хаттарын көрген жоқпын, тіптен естімедім. Бұл Қазақстанға есерсоқ Қытай жанкүйерлері арқылы жеткен дәлелсіз пікір шығар деген ойдамын. Димаш Қытайлық шебер әншілердің өзін басып озып кетуі, оған сөзсіз назар аудартты.

Аделина: Мен де бұл сұраққа дәл солай жауап берер едім.

Тілші: Егер осы сұхбатты Димаштың өзі оқитын болса, сіз оған сұхбат арқылы не айтар едіңіз?

Аделина: Мен оның «болашақта шоудан кейін де Қытай сахнасына шыққыса келеді ме екен?»,- деген сауалға жауап алғым келеді. Көптеген Қытай жанкүйерлері, мен де ол шоудан кейін тек өз елінің сахнасында өнер көрсеткенін қаламаймыз.

Чжен Сяоюй: Мен Димаш өзінің денсаулығын күтіп, өзінің даусына сақ болғанын қалар едім. Әрі оның қандай жағдай болмасын, жанкүйерлер не сұраса да, өзінің жүрек қалауын таңдағанын қалаймын. Оның кез келген шешімін оның жанкүйерлері қолдайды.

Тілші: Қыздар, сіздердің әсерлі сұхбаттарыңызға алғысымыз шексіз!!! Мақала сайтта көп қаралым жинайды деп уәде ете алмаймын, десекте біз сіздердің жүрек жарды тілектеріңізді Димашқа жеткізуге тырысамыз.

Аделина: Үлкен рахмет!!! Димаш Қазақстанның-намысы!

Чжен Сяоюй:  Әрине бұл эгоизм шығар. Мен Димаштың қазақ елінде туылғанына қызғанышпен қараймын. Оны Қазақстанға сый ретінде жаратқандай. Құрметті Қазақстандықтар дарынды ұлдарыңызбен мақтаныңыздар!

(сұхбатқа дәлел инстаграмнан скриншот)

1 2 3 4

05.02.2017ж

Сұхбатты сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз көшіруге тыйым салынады.

Барлық құқық қорғалған.

 

Пікірлер

Войти с помощью: