Қуандық Рахымның жанкүйерлері әншіге неге өкпелі
779 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.01.2017 сағат 21:43

Сахнаға шыққанына аз уақыт болса да, тыңдармандардың жүрегін жаулап үлгерген жас әнші Қуандық Рахым алдағы уақытта екі бірдей су жаңа бейнебаяны жарыққа шығатынын хабарлады.

Ол өзінің инста желісіне клиптің көріністерін салып қойды. Тыңдармандары бұл жаңалықты қуана қабыл алып, асыға күтетіндерін айтысты. Десекте арасында «По-любому» клипіне Қуандықпен бірге ән салып жүрген Гаухардың орнын Альбина есімді қыз ауыстырғанына өкпелі тыңдармандарыда табылды. Олар өз реніштерін әншінің әлуметтік желідегі парақшасына жарыса жазысты. Бұл олқылықты көп ұзамай Қуандықтың өзі түзетіп, неге өзге қыз ойнағанын айтып ағынан жарылды. Ол Гаухарды Альбинаның ауыстырғанын былайша түсіндіреді:

Ардақты ағайын! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын "Болайық бірге" әнін өзге әншімен орындады деп сөкпеңіздер. Мәселенің байыбына бармай, шешім шығармауларыңызды өтінем. Әнді өзгемен айтуымның өзіндік себептері бар. Әрине, ән жарыққа шыққанда әрқашан алғашқы орындаушы ыстық болып тұрады. Тіпті, өзгелер айта алмайтындай көрінетіні де бар. Әннің Гауһар екеуіміздің орындауымызда сәтті шыққаны даусыз. Алайда, Гауһар белгілі бір себептерге байланысты клипке түсе алмады. Оның эстрадалық ән орындауына, гастрольдық сапарларға шығуына ұстаздары мен ата-анасы рұқсат бермеді. Ал біз ол кезде клип түсіруді жоспарлап қойған едік. Сөйтіп, Гауһар продюссер Жанна xанымнан, менен кешірім сұрап, клипке түсе алмайтындығын, шығармашылық байланысты үзетіндігін айтты. Біз Гауһармен ренжіскен жоқпыз, арада ешқандай кикілжің де болған емес. Осыны ескерсеңіздер деймін. Гауһар бас тартқан соң, амалсыздан әнді орындайтын басқа қыз іздедік. Сөйтіп, интернет желісінде танымал, өзіндік қоңыр дауысы бар, қазақтың сүйкімді, талантты қызы Альбина Шардаровамен әнді қайта жазып, клип түсірдік. Альбина екеуіміздің орындауымыздағы ән де сәтті шыққандай. Қазақтың қызы ғой қатты ауыр сөздер айтпауларыңызды сұраймын ? "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос…#ЖУЫРДА #ЖУЫРДА #ЖУЫРДА

A video posted by Куандык Рахым (@rakhym.kuandyk) on

Жуырда

A video posted by Zhanna (@zhannaabu) on

Пікірлер

Войти с помощью: