Қуандық Рақымның орындауындағы «Болайық бірге» әні түркітілдес халықтарға ортақ па?
714 рет қаралды 1 пікір 18.03.2017 сағат 01:10

Жас әнші Қуандық Рақым мен Альбина Шардарованың орындауындағы «Болайық бірге» әні бүгінде музыкалық шерулердің көшбасын бермейді. Қуандықты халық осы ән арқылы таныды десек те болады. Бүгінде Альбина екеуі қазақ елін осы әнмен аттас концертпен шарлап жүргенде Қырғыстанда Нұрлан Нәсіп пен Самара Каримова «Бололу бирге» деп Бішкек төрінде ән салып жүр. Қырғыздар біздің әнді алды деп атойлайық десек болмады. Себебі, біздің қазекемде оны өзбек ағайындардан алған көрінеді. Бұл қалай? Ән ортақ па, әлде біздің әншілер түркітілдес бауырларымызбен достықтарын ән арқылы дәлелдеп жатыр ма?

Жо-жоқ олай емес екен! Әннің толық құқылы иесі Жанна Әбу екен. Өзбектің атаулы әншілері Жасурбек Жабборов пен Дилноза Акбарова орындайтын «Азизим» әні 2015 жылдың қарашасының он алтысында жарық көрген. Бейнеклипте өзбек ұлтының салты мен ұлттық киімдері насихатталып, ұлттың болмысымен қанықтырылған. Бүгінде бұл бейнеклип 1 171 082 қаралым жинаған.

Ал екінші болып біздің Қуандық Рақым мен Гаухар Сардарбек орындады. Кейінен Қуандықтың қасындағы Гаухар белгілі себептермен бейнеклипке түсуден бас тартып, дуетті Альбина Шардаровамен орындай бастады. Бұл әннің бейнеклипінде де бой көрсеткен – Альбина. Бейнеклиптің басында Қуандық «Ассаламуағалейкүм» деп амандасқан қария, әннің негізгі авторы. Яғни, олардың өзбек әнін айтып жатқандығы клипте көрсетілген. Одан бөлек клипте «Өзбекстан» деген кітаптадың болуы тегін емес. Бұл бейнеклип қаңтар айының жиырма бірінші жұлдызы жарық көрді. Бейнеклиптің қаралымы-1 285 174.

Үшінші болып күні кеше қырғыз ағайындар Нұрлан Нәсіп пен Самара Каримова орындады. Бұл әннің бейнеклипін ғаламтордан таба алмадық. Дегенмен әннің бейнероликтегі нұсқасы бүгін 120 000 көрсетілім жинады. Бұл туралы Нұрлан мырза өз инста желісінде жазды.

Олай болса қазақша «Болайық бірге», қырғызша «Бололу бирге», өзбекше «Азизим» әні түркітілдес халықтарға ортақ па? Сіз қалай ойлайсыз?

Пікірлер

Войти с помощью: 
Азамат Базарбаев

Өзбек киносындагы ән, Масқарабоз деген. Оригинал вообще басқа

19.03.2017 в 11:09