«Көзайым» телехикаясы өз мәресіне жетті. Тағы бір отандық туынды көрерменге жол тартпақ
211 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.04.2017 сағат 17:16

Басталғанынан бері рейтингі жоғары дәрежеде болып келе жатқан «Көзайым» телехикаясы өз соңына жетті. Белгілі қазақ эстрадасының жұлдыздары бой көрсеткен бұл туындының соңғы бөлімі осы бейсенбі күні, яғни сәуір айының 19 жұлдызында болады екен. Нұрболат Абдуллин, Айгүл Иманбаева сынды көрермен сұранысына ие бола білген тұлғалар өз образдарын айтарлықтай аша білді. Нұрболаттың актерлік қыры халыққа танылып, әнші үшін тағы бір алынған қамал болды. Ендігі кезекте тағы бір отандық туынды көрерменге жол тартпақ. «Сүйе білсең» деп аталатын телехикаяда басты рөлді Жандос Айбасов Дамир есімді жігіттің рөлінде ойнайды. Ал біздің шоу бизнестің жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева мен Гүлназ Жоланова Дамирдың серіктері. Бұл телехикая футбол мен махаббат тақырыбын бір арнаға тоғыстырған өмір новелласы. Дамирдың футбол командасын құру туралы арманына апарар жол қандай болмақ? Футболшының аяғы сынса не болатынын білесіз бе?

20 сәуірден бастап 21:45 те бірге тамашалайық.

20 СӘУІРДЕН БАСТАП «ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНДА «СҮЙЕ БІЛСЕҢ…» ТЕЛЕХИКАЯСЫ ЭФИРГЕ ШЫҒАДЫ Телехикая болашағынан көп үміт күттіретін жас футболшы жайында болмақ. Дамир мықты футболшы болуды армандайды. Бірақ, дәл Еуропалық клубтың жаттығу жиыны алдында аяқ астынан жол апатына ұшырап, аяғын сындырып алады. Дәрігерлер енді оған футболмен айналысуға болмайтынын кесіп айтады. Бұл қайғылы жағдайдың орын алғанына, ол өзінің бұрынғы жүріп жүрген қызы Динараны кінәлайды. Дамир өз өмірін футболсыз еш елестете алмайды, көңіл-күйі құлазып үлкен күйзеліске түседі. Ол күш-жігерін жинап, қанша жерден бұрынғы қалпына түскісі келгенімен, жарақаты сыр береді. Біраз уақыттан соң, ол спорт колледжіне жаттықтырушы болып орналасуға бел буады. Ол жерде достарымен қатар дұшпандары да пайда болады. Бірақ оның басты мақсаты футболдан мықты команда құру. Дамирдің тағдыры не болмақ? Ол ең мықты команда құра ала ма? 20 сәуірден бастап, 21:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сүйе білсең…» телехикаясын жіберіп алмаңыздар! Басты рөлдерді Жандос Айбасов, Қуаныш Керімқұлов, Гүлназ Жоланова және Кәмшат Жолдыбаева сомдайды. #СүйеБілсең #Ұлттықарна #ОтандықТуынды @zhandos_aibassov @kamshat__zholdybayeva @zholanova_gulnaz @kerimkulov_kuanysh

A post shared by "Қазақстан" РТРК" АҚ (@kaztrk_kz) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: