KONG мырза Димашқа арнап екі бірдей ән жазып берді
207 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.03.2017 сағат 01:25

«KONG мырза Димашқа арнап екі бірдей ән жазып берді», – деп жазады Димаштың Қытайдағы ресми фанклубы. Олардың жазбалары барлық елдегі dears-қа түсінікті болу үшін ағылшын тілінде жарық көрді. Дегенмен біз оны қазақ тіліне аудардық.

«Ни мырза (Димаштың Қытайдағы ресми менеджері) “Weibo”желісінен сурет жіберді. Мені оның айтқан жаңалығы қатты қуантты. Ол келесі айда жарық көретін Димаштың жаңа екі әні тұрасындағы жаңалық еді. Оны Конг мырза Димашқа арнап жазып беріпті. Тапсырыспен жазылған ән өте жоғарғы деңгейде , ал Димаш әлі жарыстың кезеңдеріне сынға түсіп жатыр. Димаш пен Конг мырза студияда түн ортасына дейін, екі күн бойы жұмыс істеген. Біз білеміз, көптеген шараларда Димаштың тамаша қабілетін керемет дауысына халық тәнті болды. Менің Димаштың әкесімен сөйлескенім әлі есімде. Димаштың алғашқы өнер көрсетуіне өз сезімім мен тілектерімді білдірген едім. Яғни, Димаштың андері әлемдік деңгейге жететініне мен үмітпен қараймын. Әрі мен оның Голивуд төрінде ән саларына сенімдімін. Димаштың екі әні екі айға жоспарланып отырғандығын естідім. Біз шын мәнінде Димашқа ризашылығымызды білдіреміз. Біз оған әрқашанда қамқормыз, жылы лебіздерімізді аямаймыз.

Сіздердің қолдауларыңызға рахмет! Димаш сенің бұдан да жақсы іс шараларда өнер көрсететініңе сенемін!!!»

Аударған: Амантаева Үкілім

Пікірлер

Войти с помощью: