Қазақтың Бекзаты тірі болғанда 37 жасқа толар еді
109 рет қаралды пікір қалдырылмады 04.04.2017 сағат 19:56

Сиднейдің төрінде қазақтың туын желбіреткен біртуар қазақ оғланы, небәрі 20 жасында түрткіл дүние көз тіккен олимпиада чемпионы атанған Саттарханов көзі тірісінде 37 жасқа толар еді. Өскелең ұрпаққа үлгі болар Бекзат «мен әлі үш рет чемпион боламын» деген уәдесін орындай алмай кеткен. Бекзаттың қазасы қазақ үшін үлкен қайғы болды. 1980 жылы дүниеге келген Бекзаттың отансүйгіштігі мен тәрбиесі ұрпақтарға аманат болуға тұрарлық.

Айнұр Тұрсынбаева:

«Бекзаттың алған алтыны қазақ халқын қалай қуантса, қазасы одан мың есе халықтың қабырғасын қайыстырып кетті».

Бекзат өзі желбіреткен көк байрақ қазақ көгінде желбіреп тұрғанда, қазақ өзінің арысын ұмытпақ емес!!!

Бекзат.. Марқұм тірі болғанда бүгін 37 жасқа толар еді..! Небәрі 20 жасында олимпиада чемпионы болған Бекзаттың алған алтыны қазақ xалқын қалай қуантса, қазасы одан мың есе xалықтың қабырғасын қайыстырып кетті.. Олимпиадаға кетіп бара жатқанда "мен міндетті түрде алтынмен ораламын" деп сенімді кеткен … Келгеннен соң да "бұйырса енді тағы үш рет олимпиада чемпионы боламын" деп уәде еткен екен.. Әттең… Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзат тұңғыш "Барыс" сыйлығының иегері.. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман. Жаны жанната болсын бауырымыздың..! 🙏🏽

A post shared by Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury) on

 

Бұл күні, 1980 жылдың 4 сәуірінде Бекзат Саттарханов дүниеге келді. #historyofkazakhstan

A post shared by Қазақстан тариxы | HISTORY (@historyofkazakhstan) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: