Қазаққа Құдайберген Димаш
330 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.01.2017 сағат 21:55

Қазақ халқында Димаш есімі қасиетті ме деп қаларсыз?

Ия, Дінмұхаммеді басшы болған алаштың бұл баласына да ата-анасы Димаш деп ырымдап есім бергендей. Елінің атын талай жерде шығарып, тамсандырып ән шырқап жүрген Димаш Пекинге аттанды. Қытайдың атақты дүлдүлдері мен «сен тұр, мен айтайын» деген әншілерімен бақ сынайтын Димашқа барша қазақ, әрі өнердегі де өмірдегі жолдастары тілекші. Ол өзінің сапары турасында: Құрметті, Қазақ елі, достарым, тілектестерім, биыл Қытай еліндегі танымал әншілер өзара бақ сынайтын «I am Singer (Мен әншімін)» деген байқауға қатысқалы жатырмын! Күллі әлем мойындаған әншілермен бір сахынада қарсылас болып, Қазақ атын баршаға жар салу-мен үшін үлкен мәртебе! Жаңалықтармен бөлісіп отырамын! Ақ тілектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!!!»,-деп жазады. Сәттілік серігің болсын, Димаш!
нео,.

Пікірлер

Войти с помощью: