Қазақ киносының сценарийі АҚШ-та жазылғаны рас па?
106 рет қаралды пікір қалдырылмады 17.01.2017 сағат 17:21

«Асыл арнада» жарық көрген Сұлтан Серікбай басты рөлде ойнаған «Көке», Нұржан Төлендиев пен Жүсіп Ақшора бой көрсеткен «Үлкен үй», Америка жұршылығының өмірінен бағдар берер «Мұнарлы Америка» сынды туындылар АҚШ-тың Сан-Фрацсиско штатында дүниеге келген. Бұл кинолар өзіндік мағыналылығымен ерекшеленеді.

Туындылардың идея авторы – ақын, қоғам қайраткері, «Асыл Арна» рухани-ағартушылық телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков.

Сценарий авторлары – ақын, журналист, блогер, «Хабар» агенттігінің бас редакторы болған, қазірде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Мұрат Есжан мен Жандос Құсайынов.

Америкада жүрсе де қазаққа пайда тигізіп жүрген қазақ елінің перзенті оқи жүріп, осындай туындыларды өмірге әкелуде. Тіптен Мұрат сценарийін жазған «Үлкен үй» фильмі көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, арнадан екінші мәрте көрсетіліп жатқан көрінеді. Төл туындыны бірге тамашалайық!

Пікірлер

Войти с помощью: