Қанат Ислам ашық есік күнін жариялады
40 рет қаралды пікір қалдырылмады 30.03.2017 сағат 03:42

1 сәуір күні Алматы қаласында қазақтың бір туар оғланы Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов ашық жаттығу жасамақ. Кәсіпқой боксшылар халыққа үлгі көрсетіп, тәжірбиелерімен бөліспек. Сұқбат беріліп, жанкүйерлермен суретке түсу рәсімі өтпек. Боксшылардың қолтаңбасы бар былғары қолғаптар сыйға тартылады. Бұл шара Алматы қаласының Гагарин-Өтепов көшелерінің қиылысында «MD бокс» клубының залында өтпек. Басталуы сағат 10:30. Қазақ мақтанышымен болатын айтулы шарадан құр қалмаңыздар!

РЕСМИ! Құрметті бокс жанкүйерлер және БАҚ өкілдері! 1 сәуір күні Алматы қаласында WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам мен WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың ашық жаттығуы өтеді. Кәсіпқой боксшылар өз тәжірибелерімен бөліседі. Сұқбат, естелікке суретке түсу және боксшылардың қолы қойылған қолғаптар сіздер үшін. Есік ашық. Ашық жаттығу, Алматы қаласы, Гагарин-Өтепов көшелерінің қиылысындағы "MD бокс" клубының залында өтеді. Мекен жайы нақтырақ болсын, Гагарин көшесімен жоғары көтеріліп, Өтеповтан өткен кезде жолдың сол жағында Стороймарт дүкені тұрады. Сол дүкенге жетпей бокс залы бар. 1 сәуір, сағат 10:30-да барлығыңызды күтеміз. #Алматы #1Сәуір #АшықЖаттығу

A post shared by Асет Есжан (@aset.eszhan) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: