Қайрат Нұртас өз сөзіне өзі қарсы келді
274 рет қаралды пікір қалдырылмады 26.03.2017 сағат 21:43

Әнші Қайрат Нұртас эстрада сахнасына шыққаннан бері өзгермеген шаш үлгісін өзгертті. Жанкүйерлері Қайраттың жаңа шаш үлгісін түрлі көзқараспен қабыл алды. «Қайрат жасарып кетіпсің», «Жас балалар сияқты, бұрынғысы жақсы еді» десе ал бірі оның өз сөзіне өзі қарсы келгендігі туралы айтады. Қайрат 2014 жылдың 12 қазанында берген «Еркелеп елге ән арнай» 3D кешінің күнделігінде 31 арна тілшісінің «Прическа қашан өзгереді?», деген сауалына «Ешқашан, ешқашан өзгермейді бұл прическа» деп жауап берген екен. Керуен көшеді, ит үреді демекші Қайраттың да шаш үлгісі өзгеретін күн бар екен.

Не жаңалық..?😎🇰🇿✊️💇🏻‍♂️ #шашты#қидық)

A post shared by Кайрат Нуртас (@kair_n) on

Пікірлер

Войти с помощью: