Қайрат Нұртас пен Нұрмұхаммед Жақып дуэт жазатындарын хабарлады
171 рет қаралды пікір қалдырылмады 03.05.2017 сағат 23:46

Қазақ эстрадасындағы жүректі тебіренте ән салатын қос әнші жақын күндері дуэт ұсынбақшы екендерін халыққа жариялады. Бұл туралы Нұрмұхаммедтің ресми парақшасына жарияланған, бейнеролик арқылы білдік. Өнердегі інісін оң құшағына алып отырған Қайрат: «Құдай қаласа, екеуміздің орындауымызда жақсы ән күтіңіздер. Жақсы бейнебаян күтіңіздер!»,-деп айтады. Халық бұл жаңалықты қуана қабыл алып, көптен күткен сый деп айтты. Тіптен, екі әншінің дуэтіне ән жазып беретіндерде табылып жатты. Дегенмен, Қайрекең мен Нұрмұхаммед айтатын дуэттің әні мен шығатын уақыты белгісіз.

 

 

Пікірлер

Войти с помощью: