Қайрат Нұртас Атырау Марафонында бой көрсетті
104 рет қаралды
пікір қалдырылмады
12.05.2017 сағат 17:29
Халықтың қалаулысына айналған танымал жұлдыз Қайрат Нұртас Атырау Марафонында бой көрсетті. Әнші желіге өзінің мүгедектер креслосына таңылған жанкүйерімен түскен суретін жариялады. «Халықтың әл қуатын, соның ішінде денсаулығын көтеру мақсатындағы жүргізілетін іс шараларға қатысу мен үшін үлкен құрмет. Спортпен шұғылданыңыздар, дендеріңіз сау болсын! Алға, Қазақстан!»,-деп жазды әнші. Желідегі суретін көрген тыңдармандары әншінің кең жүректігі мен мол қайырымдылығы туралы сөз қозғады. Әрқашанда ақ пейілділікпен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін Қайраттың осы қасиетін өзге жұлдыздарға үлгі етті.
Пікірлер