Қайнар Алагөзов Қайрат Нұртасқа ән сыйлады
700 рет қаралды пікір қалдырылмады 22.02.2017 сағат 00:38

Белгілі айтыскер ақын, Төреғали сынды айтулы әншінің хит болған әндері «Алло», «Бол жанымда», «Жаным қазақ», «Жүрегім қазақ» әндерінің авторы Қайнар Алагөзов өзі айтпақшы « Аузын ашса ақжүрегі көрінетін, көрінген жүрегі «қазағым» деп соғатын Ақ-Қайрошқа» ән тарту еткендігін хабарлайды. Ол бұл турасында өзінің инста желісіндегі парақшасына жазып, Қайрекеңе сәттілік тілейді. Ол алғашында хиттердің саны 10 екендігін жазған болатын. Дегенмен, белгісіз бір себептермен жазбасын өзгертті. Олай болса, біз Қайрекеңнің шығармашылығынан жаңалықтар күтеміз.

Айта кетер бір жәйт, Қайрат осыған дейін де ақынның «Қазақ қыздары» әнін ақынның досы, әнші Төреғали Төреәлімен орындаған болатын.

Пікірлер

Войти с помощью: