Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында тағы да кідіріс байқалды
71 рет қаралды пікір қалдырылмады 14.02.2017 сағат 19:58

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында тағы да кідіріс байқалды

Бүгін елімізде тіркеуге тұруға келген мыңдаған адам сандалып бос қайтты. Себебі азаматтарды есепке алатын бағдарлама аяқ асты істемей қалды. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталығына келген жұрт қажетті анықтамасына қол жеткізе алмай әбден әбігерге түсті.

Өзін Айгүл Аманбаева деп таныстырған Астана қаласының тұрғынынан сұхбат алған едік:

— Миым ашып, шаршап кеттім. Расын айтқанда 3 сағат болды жүргеніме.

Таң атқалы халыққа қызмет көрсету орталығында дүрбелең. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұруды айтпағанда, бұл жерден анықтама алу да мүмкін болмай қалды. Әбден төзімі таусылғандарға оның себебі тек күндізге 11-ге таяу бір-ақ айтылған. Сөйтсе, бар кінә Әділет министрлігінде екен. Өйткені, министрліктің анықтама базасы істен шығыпты. Шенеуніктер оны тез арада қалыпқа келтіруге уәде еткенімен,ақау тек ертең жөнделіп бітпек.

Пікірлер

Войти с помощью: