Гүлзира Үсенқызы Қайраттың атын жамылып, халықты алдағандарға өкпелі
1266 рет қаралды пікір қалдырылмады 28.05.2017 сағат 17:34

« 2-3 күн бұрын, маған бір жігіт звондап жылағандай болды. Апай, маған бір жігіт мына афишаларды іліп, мына билеттерді өткізіп берсең қалам ақыңды берем деген соң кірісіп билеттерді сатып жібердім. Ал афишаларды түгел іліп жарнама жасадым. Енді плакат, билеттерді берген жігітке звондасам, мүлдем трубкасы сөндірулі, не істеймін дейді»,-деп жазған Гүлзира Айдарбекова Қайраттың атын жамылып, халықты алдағандарға өкпелі екенін жеткізді. Продюсердің ойынша бұл Қайрат Нұртас туралы кері пікір туғызуға арналған өтірік жала сияқты екен. Қайрат Нұртастың басын дауға қалдырып жүрген барша оқиғаларды, Димашпен салыстыру, Праймдағы көтерліс, Ақши қаласы одан қала берді Қапшағай қаласындағы жалған концерт осының бәрі Қайраттың атын жамылғандардың ісі екенін сөзге тиек етті. Халық продюсер ананың жанын түсініп, жүрегіне жақын алмауын сұрады. Қайраттың қаншама қиындықтарды жеңіп келе жатқандарын айта келе, әншіні қандай жағдай болмасын қолдайтындарын жарыса жазысты.

Сіздермен тағы бір, сыр бөліскенді жөн көріп отырмын.Мұны пияр үшін деп қабылдағандар,мына афишада тел. нөмірі жазылған.Звондап тексеріп көз жеткізулеріңізге әбден болады. Журналистер қайда жүр екен? Өтірік ақпараттан гөрі рейтинг үшін, жандары ашыса осыны неге қолға алмасқа? 2-3 күн бұрын, маған бір жігіт звондап жылағандай болды.Апай,маған бір жігіт мына афишаларды іліп,мына билеттерді өткізіп берсең қалам ақыңды берем деген соң кірісіп билеттерді сатып жібердім.Ал афишаларды түгел іліп жарнама жасадым.Енді плакат,билеттерді берген жігітке звондасам, мүлдем тубкасы сөндірулі,не істеймін дейді. Мен: Қайрат ол күні бос емес,бара алмайды,біз ешкіммен келіскен жоқпыз,іздеп тап не сотқа бер дедім. Енді ойлап қараңыздар,не үшін афиша,билет шығарып ақша құртып әлек болды деген сұрақты өздеріңізге қойып көріңіздер.Менің ойымша xалыққа Қайрат жайлы кері пікір туғызып,тағыда көтерілсе, абыройын түсірсек деген қара ниет секілді.Мұндай жағдай бізде жиі кездеседі.Ана болғасын менің жаныма бататыны,неге Құдайдан қорықпай мұндай іс-әрекеттерге барады деген ой. Бұл кімдердің ісі.Тура осы жағдай кешегі Димашты пайдалана отырып балалардың арасына іріткі салу.Тек балаларымыздың емес,xалықты бізге қарсы қою бағытыма депте ойлаймын.Димаштың ата-анасын, дәл мен жақсы түсінемін,баласы үшін тер төгу басымнан өте тұра опасыздыққа бару миымада кіріп шықпайды. Естеріңізде болса Праймдағы оқиға. Одан кейін Балуан Шолақта, әдейілеп xалыққа билет сатып,өздерінің ізіде жоқ, тағыда көтеріліс болуға шақ қалған болатын,ютубта бар бұл жағдай. Оныменде біткен жоқ, Ақ су не болмаса Ақ ши деген қалада тағы осындай жағдай бастан кешті, xалқы бізге сенбей қалғанын әңгіме етті. Билет сатқан адам ұшты-күйлі жоқ, ал біз xабарсызбыз,естімегенбізде. Осының бәрі кімге керек? Еш түсіне алмаймын.Қапшағайлықтар, кешегі концерттен біздің еш xабарымыз жоқ екенін ескере отырып,түсіністікпен қарасаңыздар болар еді.Мұның бәрі кімге керек болды екен? Бұл жерде әншілер емес екені анық.Өнер адамдарының жүрегі жұмсақ келеді. Қайраттың шыққанына 10 жыл болды,болған жағдайларға көз жүгіртіп көріңіздерші? Ал мен бұл сұрақтың жауабын таба алар емеспін.

A post shared by Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: