Ернар Айдар жол апатына ұшырады
1695 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.04.2017 сағат 21:49

«Шәйхана»,-деп ән салып, талай жанды талантына ғашық етіп жүрген Ернар Айдар хәл үстінде жатыр. Бұл туралы @ernar_aidar_ea аккаунты хабарлайды. Ернар сәуір айының 11-12 жұлдызында Шымкент-Алматы тас жолында жол апатына ұшыраған. Одан кейінгі әншінің жағдайын бәрі нашарға балайды. Ол отырған көліктің апаттан кейінгі суреті ғаламторды шарлап кетті.
Ернардың өзінің ресми парақшасында халық жарыса пікір жазып, оның өмір үшін күресіп жатқанын айтуда.
Ернардың омыртқасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр екен. Әлі күнге есін жиған жоқ. Кешеуілдеп жолға шыққан Ернар мен ағасы отырған автокөлік жүргізушісі ауа-райына байланысты тізгінге ие бола алмай қалыпты.
Бүгінгі түске дейін жасырын ұсталған ақпараттан соң Ернардың Алматыда ауруханалардың бірінде жатқаны анықталды.
Халықтың ерке ұлы Ернарға бізде тез сауығуын тілеп, Аллаға дұға еттік. Жаратқан жарылқасын!!!
Бұл ақпаратты Ернардың администраторы да растайды.

ДОСТАР, БАУЫРЛАР !!!! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР !!! Сәуір айының 11-нен 12-сіне қараған түні, Шымкент-Алматы тас жолында Ернар Айдар мінген көлік үлкен жол апатына ұшырады😞 Не себепті екені әлі белгісіз, Ернардың қазіргі жағдайы да құпия сақталып жатыр ! Бар білгеніміз қазіргі уақытта өмір үшін күресіп жатыр! Өзгеріс немесе жаңалықтарды осы парақшаға салатын боламыз ! Амандығы мен саулығы үшін дұға етейік🙏🏼😔 #АллаҰлық #Ернар_Айдар_дтп

A post shared by ERNAR AIDAR (@ernar_aidar_ea) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: