Ернар Айдар мен Айкерім Қалаубаева «Екіге жүрек бөлініп» әніне бейнебаян ұсынады
265 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.05.2017 сағат 15:49

Осыдан бір ай бұрын халықты алаңдатқан Ернар Айдар өз шығармашылығын қайта жандандырды. Бұған дәлел жақын арада Айкерім Қалаубаевамен бірге түсірген бейнебаянының жарық көруі. Бауыржан Есебаевтың сөзіне жазылған «Екіге жүрек бөлініп» әні халық арасында мол сұранысқа ие болған еді. Бейнебаянда өте сапалы болады деп күтіледі. Бейнебаянның режиссері Төребек Бейсебаев осыған дейін Жолдасбек Абдихановтың орындауындағы «Бұл махаббатқа таңқаламын», Заттыбек Көпбосынұлының «Аңсар әнім», «Азия» тобының «Әйел ана», Ерболат Құдайбергеновтың «Сұр бойдақ» әндеріне бейнебаяндарын түсірген. Бейнебаянда қыздардың сүйіктісіне айналған Ернар Айдар мен өзіндік стиль, асқан сұлулығымен елді таңғалдырып жүрген Айкерім Қалаубаеваны бір-біріне ғашық жұп ретінде көруге болады.

Айкерiм Калаубаева & Ернар Айдар "Екіге жүрек бөлініп…" Әні:Қ.Құрманбаев Сөзі:Б.Есебаев #дуэт #бейнебаян Режиссер: Төребек Бейсебаев @torebek_beisebaev Оператор: Қанатжан Мырзағалиев @kanatjan__myrzagaliev Колорист: Анвар Матжанов @anvar_matzhanov Художник: Бекен Нарбай @beken_narbay Администратор: Балжан Айтбекова @balzhanaitbekova MUA: Талшын Сартаева Бэкстейдж: Күмісай Бейсебаева @kumis_beisebaeva Актриса: Айдана Серікова #ЖУЫРДА @toiduman.kz 🌹🌹🌹😘😘😘 @ernar_aidar_official 💐💐💐

A post shared by Aikerim Kalaubaeva (@aikerim_kalaubaeva_official) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: